Сұрақ:

1.Педагог іссапар кезінде тұрғынжайды жалдағаныүшін қонақүйден, хостелден немесе басқа да тұрғынжай иесінен растайтын құжаттарды міндеттітүрде ұсынуға тиіс пе?

2.Егер педагог тұрғынжайды жалдау шығындарын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Алматы қаласындағы іссапар кезінде тұрғынжайды жалдағаны үшін қандай мөлшерде өтемақы төленеді? Тәулігіне 7 АЕК мөлшерінде толық төлене ме, әлде 7 АЕК-тен төмен мөлшерде төлене ме?


Осы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сілтеме жасай отырып, ресми түсініктеме беруіңізді сұраймын. 

 Іссапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібі Үкіметтің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған.


Қағидалардың 3-тармағына сәйкес іссапарға жiберiлген қызметкердiң келесі шығыстары өтеледi:

 1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;

 2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша: мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу  нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулігіне АЕК - жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарымен облыстық маңызы бар қалаларда АЕК – алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде  АЕК – төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

 3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген тұлғаға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде:

- теміржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша;


Егер, iссапарға жiберiлген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келсе, онда тәулiкақы төленбей, жол жүру құжаттары болған кезде көлiктiк шығыстар ғана өтеледi.


Қағидалардың 6-тармағына сәйкес іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдаубойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және тәулiкақы беріледi. 

 Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.


 ҚР ЕК 115-бабы 2-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес іссапарға қатысты берілген жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмаған ақшалай сомаларды жабу үшін, сондай-ақ іссапарға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда қызметкерге хабарлай отырып, жұмыс берушінің актісі негізінде қызметкердің жалақысынан ұстап қалулар жүргізілуі мүмкінекенін ескерген жөн!