Жас ұстаз – жаңашылдықтың жаршысы, шығармашылықтың қозғаушы күші. Өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен тынымсыз ізденісін ұштастырып жүрген жас педагогтың бірі – Мужабаева Кенже Аязбайқызы.
Ол 1994 жылы 22 маусымда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын тәмамдаған.

Қазіргі таңда Қарғалы аудандық балалар өнер мектебінің дизайн бөлімінде педагог болып қызмет атқарады. Педагогикалық еңбек өтілі – 12 жыл, біліктілік санаты – педагог-модератор.

Ұстаздық жолында жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып, өнерге деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосып келеді. Ұлттық өнер мен заманауи дизайнды ұштастыра отырып, шәкірттерін жаңашылдыққа, ізденіске және өзіндік көркемдік қолтаңбасын қалыптастыруға баулиды.

Еңбегінің басты жемісі – шәкірттерінің толағай табыстары. Оның жетекшілігімен оқушылар республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындар мен жеңімпаз атақтарына ие болып келеді. Шәкірттерінің әрбір жетістігі – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісінің айқын көрінісі.

Кенже Мужабаева үшін ұстаздық – тек білім беру емес, әр баланың бойындағы талантты танып, оны дамытуға жол ашу. Өнерге баулып, талантына бағыт-бағдар беріп жүрген жас ұстаздың еңбегі жасампаз ұрпақ тәрбиесіне қосылған зор үлес.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы