+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА КӘСІПОДАҚТЫҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТ…
Новости территориальных организаций 29 сентября 2026

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА КӘСІПОДАҚТЫҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА КӘСІПОДАҚТЫҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА КӘСІПОДАҚТЫҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Жамбыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелеріне арналған «ашық есік күні»…

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА КӘСІПОДАҚТЫҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Жамбыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелеріне арналған «ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру, сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне құқықтық мәселелер бойынша нақты әрі сапалы кеңес беру.

Іс-шарада аудандық комитет төрағасы Ержан Шалимбетов және құқықтық инспектор Ғазиз Оспанов кәсіподақ мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Кәсіподақ мүшелері еңбек қатынастарына байланысты өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында түсіндірмелер алды.

Атап айтқанда, кеңес беру барысында еңбек шартын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі; жұмыс уақыты мен демалыс уақытына қатысты мәселелер; еңбек демалысын беру тәртібі; еңбек ақысы мен өзге де төлемдерге қатысты құқықтар; ұжымдық шарт талаптарының орындалуы; тәртіптік жауапкершілік мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Құқықтық инспектор Ғазиз Оспанов әрбір өтінішке жеке тоқталып, нақты жағдайларға байланысты заң талаптарын түсіндірді. Қатысушылар өздерінің еңбек құқықтарына қатысты сұрақтарын қойып, қажетті құқықтық бағыт-бағдар алды. Іс-шара барысында көтерілген мәселелер кәсіподақ пен білім беру ұйымдары қызметкерлері арасындағы өзара байланысты нығайтып, еңбек заңнамасы бойынша құқықтық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік берді.

Кәсіподақтың құқықтық қызметі алдағы уақытта да білім беру саласының қызметкерлеріне тегін құқықтық кеңес беріп, олардың еңбек құқықтарын қорғауға және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.

 

Жергілікті кәсіподақтың Жамбыл аудандық комитеті.

#Кәсіподақ #АшықЕсікКүні #ЖамбылАуданы #ЕңбекҚұқығы #ҚұқықтықКеңес

Все новости

Читайте также

  • БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Новости территориальных организаций

    БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    23.10.2026
  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК

    23.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Старая версия сайта Политика конфиденциальности