✅ Осындай тақырыпта Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының Жастар кеңесі жылдық жоспарына сәйкес Аққайың орманында этно-тимбилдинг сайысын өткізді.

📄 Шараға ауданның 55 жас педагогы қатысып, ұйымшылдық, шапшаңдық пен тапқырлықтарын танытты. Ұлттық дәстүр мен командалық сайысты ұштастырған шара жас педагогтардың ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті.

📝Кездесу барысында кәсіподақтың жас мамандарды қолдаудағы рөлі, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіби және шығармашылық дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстары да сөз болды.

🏆 Сайыс қорытындысында үздік командалар марапатталып, Бас жүлде иегерлеріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдама табысталды.

🌿 Аққайыңның көркем табиғатында өткен тағылымды шара жас педагогтардың басын қосып, бірлік пен ынтымақтастықтың мәнін айшықтады. Кәсіподақтың жастарға қолдау көрсету бағытындағы жұмысы осындай игі бастамалар арқылы жалғасын табуда.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы