Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен педагогтардың кәсіби ізденісі мен шығармашылық әлеуетін дамытуға, озық тәжірибелерін насихаттауға бағытталған «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.
Байқау барысында аудан ұстаздары өздерінің авторлық бағдарламаларын таныстырып, білім беру саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар ұсынған жұмыстарда оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған тың идеялар мен тиімді әдіс-тәсілдер қамтылды.
Байқау қорытындысында І орынға Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің педагогы Ешімбетов Айболат Кенжеғалиұлы, ІІ орынға Қ.Шаңғытбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің педагогы Таңатарова Айгүл Аманкелдіқызы, ал ІІІ орынға Талдысай жалпы орта білім беретін мектебінің педагогы Әлімқұлова Ботагөз Аукешқызы ие болды.
Марапаттау рәсімінде Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Мейрамбек Ахметов кәсіподақ ұйымы тарапынан білім саласы қызметкерлеріне көрсетіліп отырған қолдау мен ұстаздардың кәсіби дамуына жасалып жатқан мүмкіндіктерге тоқталды. Сөз соңында Мейрамбек Ахметов жеңімпаздарға кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай сыйақы сертификаттарын табыстады.
Жүлдегер педагогтар байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
