+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТИІ…
Новости территориальных организаций 28 сентября 2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ Кәсіподақтағы қоғамдық қабылдау – қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды жұмыс тетіктерінің бірі. Оның негізгі мақсаты – жұмыскерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау…

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Кәсіподақтағы қоғамдық қабылдау – қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды жұмыс тетіктерінің бірі. Оның негізгі мақсаты – жұмыскерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, құқықтық кеңес беру және туындаған мәселелерді қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында шешуге ықпал ету.

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының Сарысу аудандық комитетінде қоғамдық қабылдау жұмысы еңбек ұжымдарының нақты сұраныстарына негізделе отырып жүргізіледі. Қызметкерлер еңбек шарты, жұмыс уақыты мен демалыс тәртібі, еңбекақы төлеу, әлеуметтік кепілдіктер, еңбек қауіпсіздігі және басқа да еңбек қатынастарына қатысты мәселелер бойынша кеңес ала алады.

Қоғамдық қабылдаудың басты ерекшелігі – әрбір өтінішке жеке қарау және мәселенің нақты жағдайын зерделеу. Кәсіподақ өкілдері қызметкердің мәселесін тыңдап қана қоймай, оның құқықтық негіздерін түсіндіріп, қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдарын қарастырады. Бұл ретте қоғамдық қабылдау қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы өзара түсіністік пен әлеуметтік әріптестікті нығайтуға да ықпал етеді. Туындаған мәселелерді дер кезінде талқылау көптеген еңбек дауларының алдын алуға және оларды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге мүмкіндік береді.

Кәсіподақтың құқықтық жұмысының маңызды бағыты – қызметкерлердің өз құқықтарын білуіне және оларды заң аясында қорғау мүмкіндіктерін түсінуіне жағдай жасау. Сондықтан қоғамдық қабылдау тек өтініштерді қабылдайтын орын емес, сонымен бірге құқықтық түсіндіру мен алдын алу жұмыстары жүргізілетін маңызды алаң.

Сарысу аудандық комитеті еңбек ұжымдарымен жұмыс барысында қызметкерлердің ұсыныстары мен талап-тілектеріне назар аударып, олардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Қызметкердің мәселесін тыңдау – кәсіподақ жұмысының алғашқы қадамы. Ал оның заңды шешімін табуға ықпал ету – кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі.

Жұмыскерлердің мүддесін білдіретін ұйым ретінде кәсіподақ әлеуметтік әріптестікті одан әрі жетілдіру, құқықтық қорғау тетіктерін дамыту және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында атқарар жұмыстың әлі де ауқымды екенін жақсы түсінеді.

 

Жергілікті кәсіподақтың Сарысу аудандық комитеті

Все новости

Читайте также

  • БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Новости территориальных организаций

    БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    23.10.2026
  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК

    23.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Старая версия сайта Политика конфиденциальности