«КҮН СҰРАҒЫ» айдарында:

«Биология» және «химия» пәндерінің мұғалімі деген әр пәннен жеке тиісті құжаттарым бар. Қазіргі таңда биология пәнінің мұғалімімін.
 Алдағы уақытта химия пәнінен сабақ беруім үшін тестілеуден өтіп педагог санатын алуым керек па?

ҚР Оқу-ағарту министрінің №57 және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №96 2025 жылғы 31 наурыздағы бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының (Қағидалар) 97-тармағының негізінде үлгілік біліктілік сипаттамаларындағы  біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда, Еңбек кодексінің 38-бабы бойынша жұмыс берушінің тиісті актісін шығару жолымен педагогты (бірінші басшының орныбасарын қоспағанда) бір білім беру ұйымының ішінде бір лауазымнан екінші лауазымға ішкі ауыстыруға жол беріледі.

Сондықтан, Сіздің жағдайда, химия пәнінен сағат алу үшін тестілеуден өтіп педагог санатын алудың қажеті жоқ, жұмыс берушінің тиісті бұйрығымен реттелуі тиіс.