✅Ақтөбе облысы Әйтеке би, Қарғалы және Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Лайықты еңбек үшін бүкіләлемдік іс-қимыл күніне» орай жастар арасында дөңгелек үстелдер мен танымдық QUIZ сайыстары ұйымдастырылды.

📄«Жас қызметкерлер болашақ үшін кәсіподақтарға бірігеді» ұранымен өткен іс-шаралардың басты мақсаты – жастардың еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіподақ қозғалысының қоғамдағы маңызын кеңінен насихаттау, сондай-ақ жас қызметкерлердің кәсіби әлеуеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру.

🖇️Кездесулер барысында еңбек заңнамасының сақталуы, жұмыс орнындағы әлеуметтік кепілдіктер, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі, сондай-ақ жастардың еңбек қатынастарына белсенді араласуы мәселелері кеңінен талқыланды.

📝Танымдық сайыстар қатысушылардың еңбек заңнамасы жөніндегі білімдерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берсе, дөңгелек үстелдер жастардың өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салуына жол ашты.

🔰Кездесу қорытындысында жастар еңбек саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өз құқықтарын білу мен қорғаудың, сондай-ақ қызметкерлердің мүддесін бірлесе қорғауда кәсіподақтардың рөлін түсінудің маңыздылығына назар аударды.