Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы жыл сайын білім ордаларындағы келісу комиссиясының мүшелерін оқытып келеді.

    Аталған шара  Ақсу ауданы, Суықсай ауылындағы  Ю. Гагарин атындағы орта мектепте өтті.  Облыстық кәсіподақтың құрамына қабылданған бастауыш ұйымның  мүшелеріне арнайы түсіндіру жұмысы жеке жүргізілді.

    Жиынға арнайы облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов пен заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан қатысып, жұмыс беруші және кәсіподақ тарапынан сайланған келісу комиссиясының мүшелері және мекеме басшысы білімдерін арттырды.

   Шара барысында облыстық ұйымның жүзеге асырып жатқан жұмыстары таныстырылып, комиссия мүшелерінің мақсаты мен міндетін нақтыланып, жауапкершілігі жайында айтылды. Еңбек ұжымындағы туындаған мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында ортақ келісімге келу дағдыларын дамыту бойынша барлық ақпараттар берілді.

    Біліктіліктерін арттырған бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне сертификаттар табыс етілді.


 Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі