Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы 2026 жылдың келісу комиссиясы мүшелерін оқыту бойынша марафонын қорытындылауда. 12 қараша күні облыстың арнайы білім беру мекемелері, орталықтары мен түзеу кабинеттері және мектептерінің келісу комиссия мүшелеріне арналған семинар өтті.
Семинарды Маңғыстау облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының құқықтық қызметтері жөніндегі бас маманы Наталья Храмова және құқықтық қызмет жөніндегі маман Рүстем Сүлейменов жүргізіп, келісу комиссияларының еңбек дауы басталғаннан шешілгенге шейін қандай іс-шаралар жүргізу керектігін айтып берді.
Туындалған мәселелер бойынша одан шығу жолдарына мысалдар келтіре отырып толықтыра нақтырақ түсіндірілді.
Барлық қатысушыларға құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттар беріп, сұрақтарына толық жауап қайтарылды.
Семинар соңында қатысушыларға оқу курсын өткені туралы сертификаттар тапсырылды. Семинарға қатысқан кәсіподақ мүшелері облыстық семинардың нәтижелі, пайдалы және қажеттілігін айтып, өз пікір-ойларымен бөлісті.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ комитеті
