✏️ Халықаралық еңбек ұйымының қолдауымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «Цифрлық еңбек және жасанды интеллект» халықаралық форумы өтті.

📜Форум барысында еңбек саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, жаңа дағдыларды дамыту, сондай-ақ платформалық жұмыспен қамту мәселелері кеңінен талқыланды.

📎 Жиында басты назар адам мен технология арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, алгоритмдік шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, жұмыскерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға, сондай-ақ цифрлық өзгерістер жағдайында әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға аударылды.

🗞️Қатысушылардың ортақ пікірі – цифрлық даму ең алдымен еңбек адамының мүддесіне қызмет етуі тиіс.

📄 Форум жұмысына Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің өкілдері де белсенді қатысты. Кәсіподақ мүшелері Ержан Өтеулиев пен Дархан Шаңбаев форум барысында өз тәжірибелерімен бөлісті.

🔰 Алдағы уақытта форум аясында қалыптасқан байланыстарды нығайтып, бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және кәсіподақ мүшелерінің цифрлық құзыреттерін арттыру бағытында бірлескен жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы