+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БИІГІНДЕ
Новости территориальных организаций 01 октября 2026

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БИІГІНДЕ

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БИІГІНДЕ

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БИІГІНДЕ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жемісті еңбек етіп келе жатқан Керімбаева Ботагөз Талғатқызы – ғылыми ізденісі мен педагогикалық тәжірибесін жоғары білім беру ісімен ұштастырып жүрген ғалым-педагог. Бүгінде университеттің “Шетел…

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БИІГІНДЕ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жемісті еңбек етіп келе жатқан Керімбаева Ботагөз Талғатқызы – ғылыми ізденісі мен педагогикалық тәжірибесін жоғары білім беру ісімен ұштастырып жүрген ғалым-педагог. Бүгінде университеттің “Шетел филологиясы және аударма ісі” кафедрасында қауымдастырылған профессор ретінде еңбек етіп, болашақ мамандарды даярлау ісіне өз үлесін қосуда.

🧩Ботагөз Керімбаеваның Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі еңбек жолы 2018 жылы басталды. Осы жылдар ішінде “Шетел филологиясы және аударма ісі”кафедрасын басқарып, кейін кафедрада қауымдастырылған профессор қызметін атқарды. 2023-2025 жылдары Шетел тілдері факультетінің деканы ретінде факультеттің оқу-әдістемелік және ғылыми бағытын ұйымдастыруға атсалысты. Қазіргі таңда кафедрадағы педагогикалық қызметімен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырып келеді.

📄Педагогика ғылымдарының PhD докторы Ботагөз Керімбаеваның ғылыми еңбектері шетел тілдерін оқыту, коммуникативтік дағдыларды дамыту, цифрлық ортадағы коммуникация және педагогикалық білім беру мәселелерін қамтиды. Ғалымның 70-тен астам ғылыми жарияланымы жарық көрген. Оның ішінде монографиялар, оқу құралдары, авторлық куәліктер және халықаралық ғылыми басылымдардағы еңбектер бар.

📚Ол ғылыми жобаларға да белсенді араласып, бірқатар зерттеулерге жетекшілік етті. 2022 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-тағы The George Washington University университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 2018 жылы мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

💫Жоғары білім қызметкерлері күні – ұстаз еңбегіне құрмет білдіріп, ғылым мен білім жолындағы ізденісті бағалайтын атаулы күн. Бұл бағытта Жұбанов университетінде еңбек етіп жүрген Керімбаева Ботагөз Талғатқызының да өзіндік орны бар. Жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен ғылыми ізденісін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі қызметімен сабақтастырып келе жатқан ғалым үшін ұстаздық жол әлі де жаңа ізденістер мен игі бастамаларға толы…

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БИІГІНДЕ
ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БИІГІНДЕ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Новости территориальных организаций

    БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    23.10.2026
  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК

    23.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Старая версия сайта Политика конфиденциальности