🌟 Кәсіподақтар күніне орай Ақтөбе облысы Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен салтанатты шара ұйымдастырылды.

✨ Мерекелік шара барысында білім саласында табанды еңбек етіп жүрген 130 қызметкер марапатталды. Олардың қатарында мұғалімдер, кітапханашылар, есепшілер және кіші қызметкерлер бар.

🔰 Еңбек адамын құрметтеу мен олардың кәсіби қызметіне қолдау көрсету мақсатында марапатталған қызметкерлерге аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының тарапынан ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, 10 қызметкерге Ташкент – Самарқанд бағытындағы саяхатқа арналған сертификаттар берілді.

🖇️ Аталған шара білім саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалап, олардың мәртебесін арттыруға және кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсетуге бағытталған игі бастама.

💫 Барша марапат иелерін құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы