ҚР Оқу-ағарту министрлігімен педагогтардың мерзімі аяқталатын біліктілік санаттарын сақтап қалудың мүмкіндіктері қарастырылған.
Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетімен барлық облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына 2025 жылғы 08 желтоқсанда №20-3-20-7/8346-И біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы ресми хаты жіберілген.
Хат мазмұнына сәйкес «ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес педагогтарды аттестаттау оқу жылында 1 рет өткізіледі.
Осыған орай, біліктілік санатының қолданылу мерзімі 2026 жылдың қыркүйек – желтоқсан айларында аяқталатын барлық лауазымдардағы педагогтардың біліктілік санаттары келесі аттестаттау кезеңіне (2027 жылғы қаңтар – тамыз) дейін ұзартылады.
Осы ретте, білім беру ұйымдары аталған мәселеге қатысты тиісті шаралар қабылдауды қамтамасыз етуі қажет.
Сіздің жағдайда, біліктілік санатыңыздың мерзімі 2026 жылғы желтоқсан айында аяқталатындықтан, жоғарыда көрсетілген ресми хат негізінде келесі аттестаттау кезеңіне, яғни 2027 жылғы тамыз айын қоса алғанда, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ұзартылуы тиіс!
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген Педагогтарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаның 4-тармағының 1), 2) – тармақшаларына сәйкес пилоттық жобаға қатысуға ниет білдіре алатын педагогтар:
2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін ПББ тапсырудың бірінші мүмкіндігі кезінде мәлімделген біліктілік санатына ПББ шекті мәнінен өтпеген;
