Семинар барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» № 553 бұйрығының 43 және 367-тармақтарында белгіленген бас бухгалтерлер мен бухгалтерлердің кәсіби міндеттері мен еңбек заңнамасын білуге қатысты талаптарына назар аударылды.

Іс-шарада Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев сөз сөйлеп, ұжымдық шарт нормаларын тәжірибеде қолдану, шаруашылық жүргізу құқығындағы мектептердегі еңбекақы төлеу жүйесінің ерекшеліктері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.

Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік әріптестік аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынды.

Семинар-кеңес еркін диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасып, нақты сұрақтарына жауап алды.

Мұндай кездесулер білім беру ұйымдарының бухгалтерлік қызмет мамандарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәжірибе алмасуға және еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді.


Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағы