КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - ЕК) 23-бабы 2-тармағы 27)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, ҚР ЕК 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер, сондай-ақ 99-бабында көзделген демалыстарды беру туралы мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) енгізуге міндетті.
ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізу тәртібі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен бекітілген «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларымен» (бұдан әрі - Қағидалар) регламенттеледі.
Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты (ЕК 28-тарм. 1-тармақшасында белгіленген 13 тармақтың 6 тармағын) ЕШЕБЖ-ға енгізеді, ол келесі мәліметтерді қамтиды:
1) тараптардың деректемелері: жұмыс берушінің ЖСН– жеке тұлғаның немесе жұмыс беруші – заңды тұлғаның БСН; жұмыскердің ЖСН;
2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
3) жұмыстың орындалатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жасалу күні мен реттік нөмірі.
Сонымен қатар, жұмыс беруші ЕШЕБЖ-ға келесі қосымша мәліметтерді жібереді:
1) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
2) жұмыскердің жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалысқа және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шығуы туралы қосымша мәліметтерді жібереді (ЕК 99-бабы).
Жұмыс берушілерге ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізу мерзімдерін сақтау маңызды!
ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізудің келесі мерзімдері белгілген:
жаңанадан жасалған еңбек шарттары бойынша мәліметтерді жұмыс беруші екі жақ еңбек шартын жасаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (Қағидалардың 7-тармағы);
мерзімі өтпеген еңбек шарттары бойынша:
адам саны 2000-ға дейінгі ұйымдар үшін - бір жыл ішінде;
адам саны 2000 асатын ұйымдар үшін- екі жыл ішінде;
екі тарап еңбек шартына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойғаннан кейін - күнтізбелік 15 күн ішінде (Қағидалардың 8-тармағы);
қателер анықталған кезде және қате енгізген жағдайда мәліметтерді жою - бастапқы мәліметтерді енгізген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде (Қағидалардың 9-тармағы);
жұмыскер жұмысқа қайта қабылданған жағдайда жұмыс беруші ол жұмысқа қайта қабылданған күннен бастап - 10 жұмыс күні ішінде күнін, нөмірін және қайта қабылдау туралы шешім шығарған органды көрсету (Қағидалардың 10-тармағы);
еңбек шартын бұзу - еңбек шарты бұзылған күннен бастап күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей (Қағидалардың 12-тармағы);
ЕК 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек шартының қолданылу мерзімі ұзартылған кезде - 15 жұмыс күні ішінде (Қағидалардың 13-1 тармағы).
Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді жұмыс беруші не оның атынан жұмыс берушінің актісімен аталған міндет жүктелген кадр қызметінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбасымен растауға тиіс.
Көрсетілген талаптарды орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі -ӘҚБтК) 98-бабы 1-1-тармағына сәйкес жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттарды ЕШЕБЖ-ға енгізу тәртібі келесі түрлерде жасалғанда бұзушылығы үшін – лауазымды тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді:
1) ЕШЕБЖ-ға ақпаратты белгіленген мерзімдерде енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу;
2) ЕШЕБЖ-ға ақпаратты толық көлемде енгізбеу;
3) ЕШЕБЖ-ға анық емес және (немесе) дұрыс емес ақпарат енгізу.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - лауазымды тұлғаларға 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді (ӘҚБтК 98-бабы 2-1-тармағы).