+7 (7172) 21 04 54
  proin.kz@mail.ru
  Скачать
   
Қаз / Рус
КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ,ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Ақпараттық бюллетеньдер
  • Білім статистикасы
Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттар
  • Басшылық
  • Төрайымның өмірбаяны
  • Салалық Кеңес мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Аумақтық ұйымдар
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Кітапхана
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Суреттер
Бейнелер
Сұрақ-Жауап
  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа
Байқаулар
  • Байқаулар
  • Ақпараттық бюллетеньдер
  • Білім статистикасы
Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттар
  • Басшылық
  • Төрайымның өмірбаяны
  • Салалық Кеңес мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Аумақтық ұйымдар
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Кітапхана
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Суреттер
Бейнелер
Сұрақ-Жауап
  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа
Байқаулар
  • Байқаулар
  Скачать         Қаз / Рус
  • Біз туралы
    • Назад
    • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттар
    • Басшылық
    • Төрайымның өмірбаяны
    • Салалық Кеңес мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Аумақтық ұйымдар
  • Құжаттар
    • Назад
    • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
  • Қызметі
    • Назад
    • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
  • Кітапхана
    • Назад
    • Кітапхана
    • Ақпараттық бюллетеньдер
    • Білім статистикасы
  • Баспасөз қызметі
    • Назад
    • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Суреттер
  • Бейнелер
  • Сұрақ-Жауап
    • Назад
    • Сұрақ-Жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Назад
    • Байқаулар
    • Байқаулар
  • +7 /7172/ 21-04-54
Будьте на связи
Нур-Султан, проспект Абая, 38, офис 315
no-reply@mail.ru
  • Facebook
  • Вконтакте
  • Instagram
  • YouTube

Жұмыс уақыты және тынығу уақыты

  • Басты бет
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КАНИКУЛ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ҰЗАҚТЫ
Қандай қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі?
Уақытша жұмыста болмаған қызметкерді алмастырған жағдайда сағаттар қалай есепке алынады және анықталады?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу қағидасының 9-тармағына сәйкес негізгі жұмыс орны бойынша білім беру ұйымдарында бір сағат үшін педагогтердің жалақысын есептеу ауруы немесе басқа да себептері бойынша қатарынан екі айдан аспайтын уақытша болмаған педагогтің міндеттерін орындау кезінде оқу сағаттары үшін жүргізіледі.
Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогке еңбекақы оның орнын алмастырған күннен бастап жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді.
Уақытша болмаған мұғалімдерді алмастыру - бұл мұғалімдердің науқастануына, іссапарына, демалысына және басқа да себептерге байланысты уақытша болмаған мұғалімдердің оқу (оқытушылық) жұмысының жазбаша келісімімен еңбек шартында айқындалған негізгі жұмысымен қатар орындауы.
Орын ауыстыру ұзақтығы 2 айдан аз болған кезде ақы төлеу сағаттық ақы төлеу шарттарында жүргізіледі, оның мөлшері алмастыратын қызметкердің біліктілігі ескеріле отырып айқындалады.
Егер мұғалімді ауыстыру екі айдан астам уақыт ішінде жүзеге асырылатыны алдын-ала белгілі болса, мысалы, мұғалім бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезде, ауыстыру кезеңінде оқу жүктемесінің көлемін ұлғайту туралы еңбек шартына қосымша келісімді рәсімдеуді ауыстырудың бірінші күнінен бастап сағаттық төлемді пайдаланбай жүзеге асырған жөн, яғни, алмастырушы мұғалімге белгіленген жалақы мөлшерлемесінің мөлшерінен ауыстыру сағаттарын ескере отырып анықталған оқу жүктемесінің көлеміне пропорционалды түрде еңбекақы төлеу.ҚР Еңбек кодексінің 30-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына еңбек шарты жасалуы мүмкін.
Демек, еңбек шартының мерзімі негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне сәйкес келуі керек. Әдетте, негізгі қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығының ұзақтығын алдын-ала анықтау мүмкін емес. Мұндай жағдайларда еңбек дауының алдын алу мақсатында еңбек шартында уақытша болмаған қызметкердің тегі мен аты-жөнін жаза отырып, шарттың мерзімін «уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына» деген бағанмен көрсету орынды.

Кір жуғыш машиналардың операторларына қанша күн ақылы еңбек демалысы беріледі? Оларға еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы және зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін қосымша ақы қарастырылған ба?

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі -Кодекс) 139 бабы 10- тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Кодекстің 1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-нқ бекіткен ҚР ұлттық кәсіптер сыныптауышына сәйкес кір жуғыш машиналардың операторлары лауазымы білікті жұмысшылар тобына жатады.

Сонымен қатар, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі -Қаулы) сәйкес азаматтық қызметшілердің құрамына жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес еңбегі кәсіптік даярлық пен арнайы білімді талап ететін білікті жұмысшылар кіреді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кір жуғыш машиналардың операторлары білікті жұмысшылар ретінде азаматтық қызметшілердің құрамына кіреді, сондықтан оларға лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген«Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, сондай-ақ оларды беру қағидаларының» «Экономиканың барлық салаларының жалпы кәсіптері» деген 46-бөлімінің 179-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кір жуғыш машиналардың операторларынаұзақтығы күнтізбелік 6 (алты) күнді құрайтын қосымша ақылы демалыс беріледі.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған Қаулының 18-қосымшасының 9-тармағы 1) тармақшасына сәйкес ауыр (аса ауыр) дене жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметшілер мен жұмысшыларға БЛА-дан 30% мөлшерінде қосымша ақы көзделгенін ескеру қажет.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген Қағидалар нормаларының негізінде кір жуғыш машиналардың операторларына лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы 30 күннен кем емес және 6 күнтізбелік қосымша күнмен жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін БЛЖ-дан 30% мөлшерінде қосымша ақы беріледі.

КЕЗЕКТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚҚАН КЕЗДЕ САУЫҚТЫРУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫНАН МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАСЫ МЕН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ ҰСТАЛЫНАДЫ МА?

ҚР Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар алынып тасталады.

Осыдан, лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысына жеке табыс салығы салынбайды.

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ БОСАНУ БОЙЫНША ДЕМАЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН ЖҰМЫСҚА ҚОСЫЛҒАН ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АҚЫ ТӨЛЕНЕТІН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ НЕШЕ КҮНДІ ҚҰРАУЫ ТИІС?

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес педагогтерге ұзақтығы күтізбелік 56 күнді құрайтын жыл сайынға ақы төленетін еңбек демалысына кепілдік берілген.

ҚР Еңбек кодексінің 91-бабы негізінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде: 1) нақты жұмыс істелген уақыт; 2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт; 3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт есепке алынады.

Мысалы, егер педагог 2020 жылдың қазан айынан жүктілікке және босануына байланысты демалыста болып 2021 жылғы ақпан айынан жұмысқа қосылған жағдайда кезекті ақылы еңбек демалысы 56 күнтізбелік күнге берілуі тиіс.
Сондай-ақ, оқу жылының алдында жүктілікке және босануына байланысты демалысқа шығып оқу жылының ортасында (қаңтар немесе ақпан айлаларында) жұмысқа қосылған жағдайда да, кезекті ақылы еңбек демалысы 56 күнтізбелік күнге берілуі тиіс.

Ескеру қажет:

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ 6.9. ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС ТАМЫЗДАН БАСТАП ҚАЗАН АЙЫНЫҢ АРАЛЫҒЫНДА ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНҒАН ПЕДАГОГТАРҒА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ЖЫЛЫ ҮШІН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АҚЫЛЫ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТИІСТІ САНАТЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ҰЗАҚТЫЛЫҚТА АЛДЫН АЛА БЕРІЛЕДІ.

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРДЕН АҚЫ ТӨЛЕНЕТІН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАР УАҚЫТТА «АЙНАЛЫМ ПАРАҒЫН» ТОЛТЫРУДЫ ТАЛАП ЕТУІ ЗАҢДЫ МА?

«Айналам парағы» - қызметкердің жұмыстан шығар алдындағы өзіне ешқандай қызметтік затты иемденбегенін көрсететін ұйымның тиісті лауазымды тұлғаларының қолдарымен расталатын кадрлық есептіліктің ішкі құжаты.

ҚР Еңбек кодексінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде жалпы айналым парағын толтыру қарастырылмаған және ешқандай сілтемелер келтірілмеген, сондай-ақ, оны ұйымдарда толтыру қажеттілігін белгілемейді.
Тәжірибеде айналым парағын толтыру жұмыс берушіге еңбек шарты тоқтатылған қызметкердің қызметтік құжаттар мен мүлікті (заттарды) қайтарғанына көз жеткізу үшін қажет. Сондықтан, айналым парағын толтырып өткізу ұйымның қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек тәртібін белгілейтін ішкі құжатпен, ұжымдық шартпен немесе басқа да жұмыс берушінің актілерімен реттеледі.
Осылайша, құжат қызметкердің «қызмет берешегі бойынша» қолданған заттарды қайтаруының кепілі болып саналады.
Қорыта айтқанда, айналым парағы жұмыстан босатылған уақытта қызметкердің жұмыс беруші алдындағы міндеттемелерінің және қызметкерге қандай да бір наразылықтарының жоқтығын дәлелдейді.

Сонымен, жұмыс берушінің жұмыскерден АҚЫ ТӨЛЕНЕТІН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ кезеңіне «АЙНАЛЫМ ПАРАҒЫН» толтыруды талап етуі негізсіз, яки заңсыз.

Жеке меншік мектеп мұғалімдері сауықтыру жәрдемақысы төленетін, 56 күнтізбелік күн демалысын алуға құқылы ма?

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 12-бабының 1-тармағының 3), 4) тармақшаларымен педагогтар үшін төмендегі әлеуметтік кепілдіктер белгіленген:
- ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы;
- өздеріне кезекті еңбек демалысы берілген кезде күнтізбелік жылда бір рет кемінде бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы.
Көрсетілген әлеуметтік кепілдіктер барлық меншік түріндегі білім беру ұйымдарында қолданылады. Жоғарыда аталған Заңның 1-бабының 1)-тармақшасында «педагог» ұғымының анықтамасы: педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту, тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтың кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам. ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 3-бабына сәйкес осы Заңның күші мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтарға қолданылады.
Осылайша, аталған заңнамалық актінің нормаларының күші, заңның өзімен белгіленген оның жеке ережелерін қоспағанда, барлық меншік түріндегі ұйымдарға қолданылады. ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңның 8-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес жекеменшік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтардың еңбегіне ақы төлеуді олардың құрылтайшылары немесе соған уәкілеттік берілген адам ҚР заңнамасына сәйкес айқындайды.
Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер және жұмыс беруші арасында еңбек шарты жасалып, онда еңбекақы төлеу шарттары келісіледі.

1 қыркүйектен мұғалімнің негізгі жүктемесіне үйде оқытуды ұйымдастыру сағаттары енгізілген. Үйде оқыту кезеңі 1.09-25.05 аралығында (медициналық қорытындыға сәйкес). 25 мамырда үйде оқу сағаттарын алып тастауды ескере отырып, мұғалімнің жүктемесін өзгерту қажет пе? Яғни, жүктеме 27 сағатты құрады (оның ішінде 7 сағат үйде оқыту бар). 26 мамырда үйде оқыту тоқтатылған соң нақты жүктеме 20 сағат болып қалды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 340 «Орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес, оқу жылы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде басталады.

Оқу жылының ұзақтығы

1-сыныптарда – 33 оқу аптасы;

2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері төмендегідей болып белгіленді:

1-11 (12) – сыныптарда:

күзгі каникул – 10 күн (2020 жылғы 5-14 қараша аралығында);

қысқы – 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында);

көктемгі – 12 күн (2021 жылғы 20-31 наурыз аралығында).

1-сыныптарда:

қосымша каникул – 7 күн (2021 жылғы 8-14 ақпан аралығында).

Қарапайым есептеумен оқу жылы 25 жылдың 2021 мамырында аяқталады.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жүйесіндегі оқу жылы дәстүрлі түрде әр жылдың 25 мамырында аяқталады. Содан соң жазғы демалыс басталады.

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-қосымшасына жасалған Ескертпенің 2-тармағына сәйкес педагогтардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникул кезеңіндегі жұмыс уақыты үшін еңбегіне ақы төлеу каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен (қосымша ақылар, үстемеақылар, арттыруларды қоса алғандағы), нақты жүктеме ескеріле отырып жүргізіледі.

Мектеп әкімшілігі мұғалімдердің кезекті еңбек демалысына шығу барысында олардан АЙНАЛЫМ ПАРАҒЫН толтыруды талап етуде. Осы әрекет қаншалықты заңды?

Қызметкер ақылы еңбек демалысына шығар алдында жұмыс беруші одан «АЙНАЛЫМ ПАРАҒЫН» толтыру жөніндегі ІС ӘРЕКЕТІ ДҰРЫС ЕМЕС. АЙНАЛЫМ ПАРАҒЫН ТОЛТЫРУ Қазақстан Республикасының ешбір нормативтік құқықтық актілерінде КӨЗДЕЛМЕГЕН. 

Баспасөз қызметі
ВСТРЕЧА С КОЛЛЕКТИВОМ КОЛЛЕДЖА
7 ақпан 2023
ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
2 ақпан 2023
ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ТӨРАҒА
31 қаңтар 2023
ЗАСЕДАНИЕ КОМИССИИ ПО ДЕЛАМ ТРУДЯЩИХСЯ ЖЕНЩИН
30 қаңтар 2023
КӘСІПОДАҚҚА АЛҒЫС!
27 қаңтар 2023
ЗАСЕДАНИЕ РЕГИОНАЛЬНОЙ КОМИССИИ ПО СОЦИАЛЬНОМУ ПАРТНЕРСТВУ
27 қаңтар 2023
ЕҢБЕКТЕГІ ӘРІПТЕСТІК – ЗАҢ ТАЛАБЫ
26 қаңтар 2023
КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІ АРТТЫ
25 қаңтар 2023
СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЗАЛОГ УСПЕШНОЙ РАБОТЫ В КОЛЛЕКТИВЕ
24 қаңтар 2023
КӘСІПОДАҚҚА АЛҒЫС!
23 қаңтар 2023
Толық тізім
Жаңалықтарға жазыл
Біз туралы
Кәсіподақтың тарихы
Құрылтай құжаттар
Басшылық
Төрайымның өмірбаяны
Салалық Кеңес мүшелері
Атқару комитеті мүшелері
Тексеру комиссия мүшелері
Аумақтық ұйымдар
Қызметі
Әлеуметтік әріптестік
Құқықтық қызмет
Соттардың шешімдері мен қаулылары
Еңбекті қорғау
Жастар саясаты
Кәсіподақтық оқыту
Халықаралық ынтымақтастық
Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
Алқалы органдардың қаулылары
Нормативтік құжаттар

Баспасөз қызметі
Жаңалықтар
Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
Мақалалар


 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
КӘСІПТІК ОДАҒЫ
Қазақстан Республикасы,
010000, Нұрсұлтан қаласы, Абай даңғылы, 38, 315 кеңсе
Тел: +7 (7172) 210454,
E-mail: proin.kz@mail.ru
Барлық құқықтар қорғалған 2023.